Балабақшамызда көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Балабақшамызда көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін ән айтып, би биледі.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар арқылы балалар ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, салт-дәстүрімізді құрметтеуді үйренеді.
Баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын!





