«Таза Қазақстан» акциясы
«Таза Қазақстан» акциясы
Балабақшамызда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қызметкерлердің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Ұжым бірлесе отырып, белгіленген жер аумағын тазалап, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Осындай игі шаралар арқылы біз балаларға үлгі болып, табиғатты аялауға тәрбиелейміз.
Бірге таза орта қалыптастырайық!





